ҚАУ жанындағы мектептің 20 жылдық мерейтойына арналған құттықтау

Биылғы жыл - біз үшін ерекше жыл. Ерекше болатындығы – ҚАУ жаныңдағы мектептің 20 жылдық мерейтойы. Қаламыздағы ең үздік білім ордаларының бірі, осыдан жиырма жыл бұрын оқушыларға құшағын айқара ашқан еді. Бұл мектеп- «Өткеніміз - өнеге, күткеніміз - келешек» дегендей жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатқан білім ұясы.
Алматы байланыс колледжінің ұжымы ҚАУ жанындағы мектепті 20 жылдық мерейтойымен құттықтайды. Мектептің мәртебесі асқақтап, талантты да талапты шәкірттері көбейе берсін. Мектеп қабырғасындағы аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! ҚАУ жанындағы мектептің өркендей беруіне шын жүректен тілектеспіз!