Өмірбаян

Айғараева Ғайни Әбдібайқызы 1955 жылы 24 тамызда Алматы облысы Жамбыл атындағы ұжымшарда жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі Айғараев Әбдібай ауылдастары арасында беделді болған. Ол соғысқа бастан- аяқ қатысып, Жапония жерінде ұрысты аяқтаған. Жауынгерлік ерлігі үшін Қызыл жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған. Анасы – Торбаева Камия - тыл еңбегінің белсенді қатысушысы. Ерелі еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, еңбек ардагері атағын иеленді.
Ғайни Әбдібайқызы мектеп қабырғасынан өзін белсенді, жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық қабілеті зор оқушы ретінде көрсетті. Қоғамдық жұмыспен белсенді шұғылданды: мектептің оқу секторының құрамында болды, сыныптың комсоргі болып сайланды. Мектепті тәмамдаған соң Ташкент электртехникалық байланыс институтына оқуға түсіп, 1979 жылы аталмыш оқу орнын сәтті тәмамдады.
Сол жылы (1979-1993) Ғайни Әбдібайқызы жолдамамен келіп, Алматы байланыс колледжіне арнайы пәндер оқытушысы болып жұмысқа орналасты.
Өзінің еңбекқорлығы мен алға деген ұмтылысы арқасында ол директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымына ұсынылды, осы лауазымды 1993 жылдан 1999 жылға дейін атқарды. Ғайни Әбдібайқызы 18 жыл бойы ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжін басқарып келеді. 2006 жылы педагогика саласынан кандидаттық диссертация қорғап, шығармашылық дамудың кезекті белесіне көтерілді. Колледжде істеген 40 жыл ішінде өзін сауатты қызметкер, білікті ұйымдастырушы, оқу-ұйымдастырушылық, әдістемелік мәселелер бойынша шығармашыл, жаңашыл басшы ретінде көрсетті. Ғайни Әбдібайқызының басшылығымен ол басқарып отырған ұжым түрлі инновациялық технологияларды енгізу бойынша ұдайы еңбектеніп келеді. Осының дәлелі ретінде 2005 жылы колледж ҚР-да алғашқылардың бірі болып тәжірибе алаңы ретінде кредиттік оқыту жүйесін енгізді. 2008 жылы колледжде кредиттік оқыту жүйесін енгізу бойынша Республикалық семинар-тренинг ұйымдастырылды. Осы жүйені енгізу «ҚАУ жанындағы АБК-да оқытудың кредиттік жүйесін енгізу тәжірибесі» атты кітапта жазылды. Ғайни Әбдібайқызы байланыс мамандығы бойынша «Оқу-әдістемелік бірлестік» төрайымы болып табылады. Ол ГОСО әзірлеуде «Радиоэлектроника және байланыс», «Оптикалық және электронды жабдықтар» байланыс мамандықтары бойынша жұмыс тобын басқарады.
2001-2002 жылдары колледж ұжымы оның басқаруымен 5 мамандыққа, яғни «ССиСК», «ПС», «МТС», «РРТ», «ЭМиРС» мамандықтарына ГОСО әзірледі. Ғайни Әбдібайқызы ГОСО талабына сай 3 техникалық мамандық бойынша типтік бағдарлама авторы болып табылады. Ол техникалық пәндерден мемлекеттік тілде 3 оқулық пен 1 оқу құралын жазып, баспадан шығарды (1992-2010 ж.ж.), сондай-ақ ғылыми журналдарда, «ҚАУ еңбектері», «Хабаршы» және т.б. баспаларда 18 мақаласы жарық көрді. ҚАУ жанындағы АБК-да істеген жылдары Ғайни Әбдібайқызы сайлау комиссиясының мүшесі болды және сайлау компаниясына екі рет басшылық жасады, Бостандық ауданы бойынша сайлау учаскесінің төрайымы болды. (1995-2005ж.ж.).
Ғайни Әбдібайқызы – сауатты маман, арнайы пәндерді жетік меңгерген, техникалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істейді, оқытушылармен және студенттермен жақсы қарым-қатынаста, өзіне де қызметкерлерге те талап қоя біледі.
Біліктілікті көтеру:
- 1992 ж. Венгрияда білім көтеру «Сандық беру жүйесі»;
- 2013 ж. «Чехиядағы білім» курсында білім көтеру;
- 2014 ж. Түркиядағы білім көтеру курсы «Басқарудағы менеджмент»;
- байланыс кәсіпорындарындағы тағылымдама.
Ғ.А.Айғараеваның педагогтік қызметін студенттер аса жоғары бағалайды – рейтинг бойынша колледждегі жоғары көрсеткішке ие. Студенттер оны кәсіби шеберлігі, талап қойғыштығы мен оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданатыны үшін бағалайды.
Оқытушылар мен студенттер арасында жоғары беделге ие.
Еңбек жолында мадақтамалармен,медальдармен бірнеше рет марапатталды:
- Қазақстан Республикасының білім беру үздігі;
-ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтан «Алғыс хат» (16.12.2001);
- Ахмет Байтұрсынов атындағы Медаль ( 10.10.2012);
- Қазақ –Америка университетін дамытуға үлесін қосқаны үшін Медаль (12.10.2007).
-.Алматы қ. әкімінің құрмет грамотасы
-.Алматы қ. Білім басқармасының құрмет грамотасы
- және басқа мадақтамалар.