Студенттерге арналған практика – жарқын болашаққа алғашқы қадам!
«Мен қандай мамандық таңдадым? Мен қандай маман боламын?» — бұл АБК әр болашақ түлегінің қоятын сұрағы. Әрине, қазіргі кезде 2000 мамандық арасынан өзіңе керегін таңдап алу оңай емес. АБК-гі технологиялық практиканың негізгі мақсаты – студенттерді жарқын болашаққа дұрыс қадамын анықтауға көмектесу. АБК студенттерінің практика бойынша қолданыстағы Ережесі студенттердің еңбек нарығына шығуға теориялық және практикалық дайындықты біріктіру мүмкіндігін білдіреді.
Сапалы практика студенттің болашақта айналысатын мамандығы туралы түсінік беріп қана қоймай, сонымен қатар, телекоммуникациялық компаниялар, өндірістік кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың сол мамандық иелеріне қоятын талаптарымен танысуға мүмкіндік береді. Студент өзінің практикасын нақты осы тұрғыдан қарастыру керек. Практика өтетін базаның жоғары сапасы еңбек нарығындағы әр мамандық бойынша қажетті құзыреттілікті білуге, бөлек пәндер бойынша теориялық курстың қандай дәрежеде меңгерілгенін көрсетеді.
Болашақ мамандықтың мәнін түсіну үшін технологиялық практикадан өту керек. Практика барысында АБК-де алынған пәндер бойынша теориялық білім болашақ мамандықта практикалық біліктіліктерді шыңдауға көмектеседі.
«Радиоэлектроника және байланыс», «Оптикалық және электрондық құралдар» және «Есептуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша АБК-нің практикадан өту базалары:

1
АҚ «Казахтелеком» (Астана, Семей, Талдықорған,Тараз, Өскемен және т.б. қалалар)
2
ТӨД «Алматытелеком»
3
АҚ «Казтелерадио»
4
АҚ «Казтелерадио» филиалы «мемлекеттік спутниктік теле және радио хабар тарату дирекциясы» Алматы қаласы
5
АҚ «Казпошта» (Астана, Тараз және т.б. қалалары)
6
«Алматы почтамт» АҚ «Казпошта» (Алматы қ.)
7
 «Казпошта» АҚ филиалы «EMS-KAZPOST»
8
АҚ «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы»
9
АҚ «ХАБАР»
10
ТРК «31 КАНАЛ»
11
ЖШС «Евразия+ОРТ»
12
РГП «Казгидромет»
13
ЖШС «ВТcom infocommunications»
14
АҚ ПСТК «БИТЕЛЕКОМ»
15
ЖШС «Ком-сервис»
16
ЖШС «Технопарк Алатау»
17
ЖШС «РадиксСолюшн»
18
ЖШС «Мастертел»
19
ЖШС «АСИБО»
20
ЖШС «АлатауТелеком»
21
ЖШС «ElMontOPS-TV»
22
ЖШС «Авангард Проект»
23
ЖШС «InTech&Com»
24
АҚ «Алма Телекоммуникейшенс Казахстан»
25
ЖШС «Line System Engineering»
26
ЖШС «Телекомпровод»
27
ЖШС «АлматыЖилСервис»
28
Қазақстандағы Макмиллан Паблишерз өкілдігі
29
ЖШС «INSEL»
30
АҚ «КазГАСА»
31
ЖШС «Rainbow Ltd»
32
ЖШС «АДВМ Куралай»
33
ЖШС «Автопрофи»
34
ЖШС «Lemonadoff Food» 
35
ЖШС «Дунай» 
36
Аударма агенттігі «Lexicon-Express»
37
ЖШС«ИНТЕЧКОМ»
38
АҚ «Алматы Жарык Компаниясы»
39
АҚ «Алматытранстелеком»
40
ЖШС «Алатаутелеком»
41
КАЗНИПИ энергетика және байланыс

«130608 3 – Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы (пошта байланысының технигі мамандығы) студенттері практиканы АҚ «Казпочта» филиалдарында өтеді.
«130903 3 – оптикалық және электронды құралдар» мамандығы (техник-метеоролог мамандығы) студенттері РГП «Казгидромет» Қазақстан қалаларындағы филиалдардан өтеді.
Жыл сайын АБК студенттері Академиялық күнтізбеге сәйкес өздерінің мамандықтары бойынша практикадан өтеді. Ұйымда өтетін технологиялық практиканың мерзімі – 7 апта. Барлық студенттер практикаға бекітілген бұйрық арқылы жіберіледі. Технологиялық практиканың қорытындысы ретінде ұйымда меңгерілген біліктіліктермен қабілетті көрсететін практика бойынша есептеме беріледі. Есептеме белгілі бір формада жазылады. Практика бойынша есептемені жеке тапсырмаға сәйкес жазу үшін ұзақ уақыт қажет. Сондықтан есептеме жазуды соңғы уақытқа қалдыруға болмайды.
Практикаға шығу алдында студентке жеке тапсырмамен бірге күнделік тапсырылады. Күнделікті орындаған жұмысын студент өз күнделігіне түсіріп отырады. Бұл күнделік кейін технологиялық практика бойынша есептемені тапсырарда басшылыққа алынатын құжат болып табылады. Практика бойынша есептеме дегеніміз ең алдымен болашақ маманның негізгі білімін меңгерілгені бойынша есепетеме болып саналады.
Практика бойынша есептеме әзірлеудің негізгі кезеңдері:
1. Мамандыққа сәйкес практика жетекшісімен тапсырмаларды анықтау.
2. Практика барысында ұйымның құжаттамасын, құралдарын, технологиялық үрдістерін меңгеру.
3. Практика бойынша күнделікті толтыруды ұмытпау.
4. Ұйымнан мінездеме және практика бойынша баға алу.
5. Ұйымда өткен практика бойынша есептеме жазу және бекіту.
6. Практика жетекшісімен бірге алынған біліктіліктерге қорытынды жасау. Ең бастысы – есептемені қорғап шығу.

Технологиялық практика студенттерге болашақ мамандықтарына деген қызығушылық пайда болу үшін өз мамандықтары бойынша біліктіліктер мен қабілеттіліктерге ие болуға көмектеседі. Егер студент талпынатын болса ұйым оны міндетті түрде жұмысқа шақырады!

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 


 

 

 

 


 

Бос орындар

Қазіргі уақытта бос орын жоқ.
дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30      
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"