АБК газеті туралы

          Құрметті студенттер, ата-аналар!   Алматы байланыс колледжі мен Қазақ-Америка Университеті «Қазақ-Америка Университеті» атты төл басылымға ие. Газет колледжде өтіп жатқан басты жаңалықтармен, оқу-әдістемелік жұмыстарға арналған әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары атқарылып жатқан іс-шаралармен оқу орнының қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер, көпшілік оқырман қауымын таныстырып отыруға бағытталған. Газет ай сайын шығып отырады және колледж тынысынан хабардар ететін бірден-бір ақпарат құралы болып табылады. Сонымен қатар шығармашыл студенттер өздерінің тырнақалды туындыларын газет бетінде жарыққа шығарып, шығармашылықтарын шыңдай алады.