Қамқоршылар Кеңесі АБК-інде 2009 жылы құрылды. Қамқоршылар Кеңесінің негізгі мақсаты колледж оқушыларына тәрбие мен білім беруде және олардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуда қамқорлық жасау және сондай-ақ:

• колледж оқытушылар құрамының өзіндік ізденіс барысында шығармашылығының белсенді дамуына, оның зияткерлігі мен әлеуетінің тиімді таралуына;
• оқушылардың қосымша білім алу үшін, оқу- тәрбие үрдісін жетілдіру жұмысына көмектесу;
• колледждің сауықтыру іс шараларына және денсаулықты жетілдіру технологияларын сақтауға көмек беру;
• колледждің материалдық-техникалық базасын бекітіп, ішкі және сыртқы аумақтарды жақсартуға, оқу кабинеттерін жабдықтауға көмек көрсету;
• оқытушылар ұжымының жақсы жұмыс жасауына көмек беру;
• колледжге әр түрлі қажеттіліке материалдық сипатта (зияткерлік, құқықтық, мәдени, ақпаратты, құқықты қорғау) көмек беру;
• колледждің халықаралық байланысының дамуына білім саласындағы және ақпараттық технологияларға қатысты ұйымдармен өзара байланыс жасауға көмек көрсету.
Қамқоршылар кеңесінің қызметі өзіндік басқару мен заң, еркіндік, теңдік негізде құрылған.