Алматы байланыс колледжі білім беру мекемесі ретінде 1930 жылдың қыркүйек айында КСРО Пошта және Телеграф Халық Комиссариаты Алқасының 1930 жылғы 15 шілдедегі шешімімен ашылған (хаттама нөмірі №43). Оқу мерзімі үш жылдық деп белгіленген. Сабақ 1930 жылдың 1 қазанында басталды. Техникум 1930 жылдың қыркүйек айында нөмірі 14-ші мектептің екінші сатысы негізінде ұйымдастырылды. 130 оқушы қабылданды. Ол Алматы политехникалық байланыс техникумы деп аталды. Техникум қызметінің алғашқы кезеңі өте ауыр болды: өзінің оқу ғимараты, зертханалық базасы болмады. Білім алушылар үшін жатақхана болмады. Педагогтар ұжымының құрамы аз болды. Жалпытехникалық пәндердің оқытушыларының басым көпшілігі қосымша жұмыс істеді. Алғашқы оқытушылар: Баймут-Цубина, Масленникова, Образцов, Тугарин, Толстых, Невский, Полумисков, Павлов, Кобылов, Путкова. Арнайы курстардан дәріс оқуға өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер тартылды. Пән сабақтары қаланың әр жерінде өткізілді: №14 мектепте (Юные Коммунары 20 көшесінде), Школьная 24 көшесінде, Қазақ байланыс басқармасында (Виноградов көшесінде) және салынып жатқан байланыс Үйінің жертөлесінде өтті. Сабақтар кешке, мектеп пен мекемеде жұмыс аяқталған соң жүргізілді. Электр жарығы жиі болмады, керосин шамын қолданды.

1930-32 жылдары білім алушылар мен оқытушылар үшін екі қабатты төрт барақ жатақхана ретінде салынды. Тек 1973 жылы барақтардың соңғысы сүрілді.
1935 жылы техникумға поштампттың ескі ғимараты берілді, зертханалар жұмыс істей бастады: радио, телефон, телеграф, электромашина және физика кабинеттері.
1931 жылы шілде айында Бас Арықтың арғы жағына (қазіргі Абай даңғылы) техникумның оқу ғимараты салына бастады.
1934 жылдың наурыз айында техникумның кешкі бөліміне 25 адамнан тұратын алғашқы топ қабылданды. Алғашқы студент-екпінділер - Лунин, Скрипко, Смаков,Букаев, Вишнивицкий, Зворыгин, Петренко, Иванов, Конкушев, Смирнов, Дубровин, Конилов, Лесниченко, Метельский, Кержинцев, Стоянов. 1937 жылы сабақтар салынып бітпеген ғимаратта басталды. 1938 жылы құрылыс жұмысын техникум директоры Скуин Артур Петрович өз қолына алды.
1940 жылы оқу ғимаратының құрылысы аяқталды. Алғашқы күннен-ақ техникумда басшы байланыс қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді, ал 1945 жылы білім көтеру курсы дербес мекемелерге бөлініп берілді. Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында техникум ауыл шаруашылығы мен майдан қажетіне мамандар даярлауды жалғастырды.
                 1956 жылы сырттай оқу бөлімі ашылды.
Жылдар өте техникумның материалдық базасы нығая түсті, оқытушылар құрамы да өсіп, жетілдірілді.
1976 жылы техникум ғимараты өрт салдарынан жойылды да ұжымның мойнына жаңа ауыртпалықтар түсті. Сабақтар 2 ауысыммен әр жерде өте бастады: «Қазгидробайланыс» институтының ғимаратында, АТС-41, №92 мектеп және т.б. Осы жылдар бойы техникумның ғимараты ғана емес, оның мәртебесі де өзгеріп отырды.
                               1980 жылы зертхана ғимараты қосылды. Осы жылдан бастап Қарағандыда сырттай оқу бөлімі бойынша мамандар даярлайтын бөлімше жұмыс істей бастады.
1986 жылы оқу ғимараты пайдалануға берілді.
1994 жылы техникум колледж мәртебесін алды.
Колледж құрылған күннен бастап күндізгі оқу бөлімі бойынша 66 және сырттай оқу бөлімі бойынша 42 рет түлектер шығарды. Барлығы 22 мыңнан аса мамандар даярланды, олар телекоммуникация саласында табысты да жемісті еңбек етуде. Колледжде 35 оқытушы қызмет атқарады, олардың ішінде 12 педагогтің жұмыс өтілі 20 жылдан асса, 11 оқытушы жоғары біліктілік категориясының иегерлері, бұл ұстаздар өз тарапынан жас оқытушыларға тәлімгер болып, бай тәжірибелерімен бөлісіп отырады.
                 1998 жылдан бастап колледж Алматы қаласы колледждер Кеңесінің мүшесі болып табылады, ал 2001 жылдан бастап кеңес Алматы қаласының колледждер Ассоцияциясы деп атауын өзгертті.
1999 жылдан бастап колледж Қазақ-Америка Университеті құрамында. Бүгінгі таңда колледжде 7 мамандық бойынша мамандар даярланады. Педагогтар ұжымы нарықтық жағдайда үздіксіз білім беру жүйесіне (көпдеңгейлі) көшу үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларының диверсификациялануына, оқу үдерісін жетілдіру мақсатында инновациялық әдістерді енгізуге баса назар аударады.
Педагогтар ұжымының басты мақсаты – ел экономикасын дамытуға үлесін қосатын және өз болашағы үшін сенімді, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Алматы байланыс колледжі мен Қазақ – Америка Университетінің бірлесуі байланыс бойынша жоғары кәсіби білім беруде 4 мамандық ашуға мүмкіндік берді.
 
 
 
АУ жанындағы Алматы байланыс колледжі 85 жыл - фильм

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"