ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне қабылдау тәртібі

               1. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледждің басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.

2. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
3. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне төмендегі мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу бөліміне қабылдауды жүзеге асырады:
130600 0 – Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)
130900 0 – Оптикалық және электрондық жабдықтар (түрлері бойынша)
1304000 – Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
051800 0 – Есеп және аудит (салалары бойынша)
051900 0 – Экономика (салалары бойынша)
051600 0 – Қаржы (салалары бойынша)
0512000 – Аударма ісі (түрлері бойынша), (күндізгі бөлім) 
4. ҚАУ жанындағы АБК-нің күндізгі оқу бөліміне түсетін азаматтардың өтініші 20-маусымнан 20-тамызға дейін, ал сырттай оқу бөліміне 20-маусымнан 20-қыркүйек дейін қабылданады. Күндізгі оқу бөліміне оқуға түсу емтиханы 1-тамыздан 28-тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне түсушілерге 1-тамыздан 25-қыркүйекке дейін болады.
5. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне түсушілер қабылдау туралы өтініш, білімі туралы құжат түпнұсқасын, N 086 – У формада медициналық анықтама, N 026 денсаулық паспорты, N 063 егілетін карта (I және II топ мүгедектері мен бала кезінен мүгедектер үшін МСЭ қорытындысы), көлемі 3х4 - 6 фотосурет, ағымдағы жылдық жалпы білім беру мектептерінің түлектері бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесі туралы куәлігі немесе кешенді тестілеу куәлігі, тіркеу төлемінің төленуі туралы түбіртек қағаз көшірмесін тапсырады. Құжат тапсыру кезінде оқуға түсушілер жеке куәлігін, паспорт немесе туу туралы куәлігін, немесе оны алмастыратын құжат көрсету керек.
6. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі  туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
1) шетелдік –  шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы  жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі.
            7. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын азаматтар жеке куәлігінің немесе миграциялық карточкасының түпнұсқасын өткізеді.
8. Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) тұлғалар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың  86 - тармағында  көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
9. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжіне оқуға түсу емтихандары:
- үш пән бойынша жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде (қазақ/орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бойынша) соның ішінде;
- 1309000 – Оптикалық және электрондық жабдықтар (түрлер бойынша); 1304000 – Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), 0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша); 0519000 – Экономика (салалар бойынша); 0516000 – Қаржы (салалар бойынша) мамандықтар бейінінің пәні математика;
            - 1306000 – Радиоэлектроника және байланыс (түрлер бойынша) мамандығы бейінінің пәні физика;
            - 0512000 – Аударма ісі  (түрлер бойынша) мамандығы бейінінің пәні ағылшын тілі;
- екі пән бойынша негізгі білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде (қазақ/орыс тілі және мамандық бойынша);
- 1309000 – Оптикалық және электрондық жабдықтар (түрлер бойынша); 1306000 – Радиоэлектроника және байланыс (түрлер бойынша), 1304000 – Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), 0518000 – Есеп және аудит (салалар бойынша); 0519000 – Экономика (салалар бойынша); 0516000 – Қаржы (салалар бойынша) мамандықтар бейінінің пәні математика;
            - 0512000 – Аударма ісі  (түрлер бойынша) мамандығы бейінінің пәні ағылшын тілі;
            Оқуға түсу емтихандары төмендегідей қабылданады:
1) әр пән бойынша тест тапсырмаларының (сұрақтары) саны 25 болуы керек. Әр тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. Үш пән бойынша тестке 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша тестке 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауап коды тест аяқталған соң ілінеді. Тест нәтижесі қабылданған күні хабарланады;
2) оқуға түсу емтиханының нәтижесі бойынша алынған «3», «4», «5» деген бағаларды қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша балға алмастырады: «3» - 8 балл, «4» - 17 балл, «5» - 25 балл.
10. Бірыңғай талапты қадағалау және тест тапсырмаларын және пән бойынша емтиханды бағалауда дау тудыратын мәселелерді шешу, оқуға түсушілердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тест жүргізу кезінде ҚАУ жанындағы АБК-де апелляциялық комиссия құрылады.
Тест немесе пән бойынша оқуға түсу емтиханының нәтижесімен келіспеген азамат апелляциялық комиссияға өтініш беруге құқылы.
Апелляцияда қарастырылған соң, емтихан жұмысының бағасы туралы апелляциялық комиссия шешімі шығарылады.
Тест пен пән бойынша оқуға түсу емтиханын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
11. Күндізгі оқу бөліміне қабылдау мерзімі, байқау негізінде 25-тамыздан 30-тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне 15-қыркүйектен 30-қыркүйекке дейін.
Конкурс: ҰБТ сертификаттарының балдары негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысаныда өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
-       негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, экономика мамандығы бойынша;
-       жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, экономика мамандығы бойынша.